jasqazaq.kz

«Көгілдір отын» — энергия үнемдеудің тиімді көзі

16 қыркүйек 2024, 14:16

«Газ келгелі жақсы болды. От жағып, күл шығармаймыз. Ауаны ластамаймыз. Бұрын бір қыста 6,5-7 тонна көмір жағатынбыз. Ақшасы да әжептеуір қалтаға салмақ салатын. Ал газ одан арзан». Үйіне «көгілдір отын» келген Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының тұрғыны Оразкүл Арыстанбайқызы тілшілерге өз қуанышын осылай жеткізді. Жалпы бұл өңірде елдімекендерді газдандыру біраз жылдан бері қарқынмен жүріп жатыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегіне жүгінсек, әрбір үшінші ауылға газ тартылып, тұрғындар қоршаған ортаға зияны көп көмір жағу машақатынан құтылған. Жоспарға сәйкес, биыл 75 мың тұрғыны бар 47 ауылға «көгілдір отын» келеді. Сөйтіп табиғи газдың игілігін көретін елді мекендердің саны 557-ге жетеді деп күтілуде. Ал облыста газдандыру көрсеткіші 85 пайызға жетеді. Аталған басқарманың бөлім басшысы Қуаныш Өмірәлиев 2027 жылдың соңына қарай өңір толығымен «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіледі деген пікірде.

Халқы тығыз орналасқан бұл облысты газдандыруда «Бейнеу-Бозой-Шымкент құбыр желісі үлкен рөл атқарды. Қазір экологиялық тұрғыдан таза отынды тасымалдайтын күретамырдың екінші тармағын тартуға ауқымды жоба қолға алынды. Сонымен қатар, Ақтөбе-Қостанай, Сарыарқа (2,3,4-сатылары) және Талдықорған-Үшарал газ құбыры желілерін тарту көзделіп отыр. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, құбыр желілері тұтынушыларға 21 миллиардтан астам текше метр «көгілдір отын» жеткізуге арналған.

Мұндай ауқымды жобаларға қомақты инвестиция қажет екені белгілі. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы ақпан айында Қатар мемлекетіне жасаған сапарын ауызға алған жөн. Сапар барысында Қатардың Power International Holding компаниясымен Бейнеу –Бозой-Шымкент (екінші тармағы) жәнеАқтөбе-Қостанай газ құбыры желілерінің құрылысы жобаларын бірлесе жүзеге асыруды көздейтін келісімге қол қойылған болатын.
Үкімет елді мекендер мен өндіріс ошақтарын, соның ішінде көмір пайдаланатын жылу электр стансаларын газға көшіруді маңызды міндет ретінде белгіледі. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023-2030 жылдарға арналған Бас схемасы бекітілді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, өткен жылы ел аумағын газдандыру көрсеткіші 60 пайызды құрады. Бұл 12 млн тұтынушыға «көгілдір отын» жеткізілді етілді деген сөз. Биылғы жоспар бойынша тағы 244 тұрғынның үйіне табиғи газ келуі тиіс.

Өңірлер мен экономиканы таза әрі тиімді энергия көзімен қамтамасыз етуде табиғи газ өндірісінің көлемін арттырудың маңызы зор. 2024 жылға арналған болжам бойынша, елімізде 60,5 млрд текше метр газ өндіріледі. Мұның 29,8 млрд текше метрі — газдандыруда пайдаланылатын тауарлық газ. Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы Жолдауында осы газ өңдеу мәселесіне арнайы тоқталып, зауыттардың қуатын арттыруды тапсырды.

Талап Тілеген

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған