jasqazaq.kz

Кішкентай қыздарға қылмыңдаған блогерге қылмыстық іс қозғалды

03 наурыз 2025, 19:13

Сурет: Видеодан кадр

Алматыда тұратын блогер Қолғанат Жұмабаевқа кәмелетке толмағандармен хат алысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Алайда ол балалармен жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қарасай ауданының прокуратурасы CMN.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында блогердің үстінен Қылмыстық кодекстің 121-1 бабы, яғни «Он алты жасқа толмағандарға сексуалдық сипаттағы тиісу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Прокуратура жауабында: «Қарасай ауданының полициясы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — делінген.

Ал блогер балалар шаштаразында жұмысын жалғастырып, балалармен түскен бейнероликтер жариялауда.

Еске салайық, биылғы қаңтарда Қолғанат Жұмабаевтың әйелі Күлпынай Қалменова кішкентай қыздарға қылмыңдайтынын әшкерелеп, айып тақты.

JQ-Aqparat

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады