jasqazaq.kz

Кинопрокатшылар фильмді қазақша сөйлетуге қарсы

03 қазан 2016, 23:28

 

bankoboev-ru_kinolenta_i_kompakt_diskШетелдік фильмдер тұтас мемлекеттік тілге тәржімалансын деген депутаттардың бастамасы кинопрокатшыларды шошындырып отыр. Өйткені ондай киноның қалада көрермені жоқ екен. Қазақ тілді қауым, көбіне, ауылдарда деп сылтауратқандар қарапайым аударманы да «қазақтың сөзі көп» деп ауырсынуда.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

-Қалай аударады, қалай істейді ол өздеріне байланысты болу керек деп ойлаймын! Қаржыны табу керек! Өйткені бізде мемлекеттік тілі-қазақ тілі! Ол міндетті түрде аударылуы керек! Дубляж жасауды  сол 2012-ші жылдан бастап енгізген кезде, көбі  қарсы болатын осыған. 

Қазір де қарсы! Нұртай Сәбильяновтың сөздері тіл жанашырларына жаққанымен, кинопрокатшыларға жақпай қалды. Өйткені, сырттан келетін фильмдерді қазақша сөйлету қалада тиімсіз екен. Ал кинотеатр іші толмаған соң, оларды тәржімалаудың да қажеті жоқ дейді.

Вадим Голенко, кинопрокатшы:

Бұл алға деп ұрандата беретін патриоттардың әлегі. Қазақша қажет дегенімен, оның қиындықтарын айтып тауысу мүмкін емес. Бір киноны дубляждау үшін миллиондаған қаржы жұмсалады,дауыс сонау Лондонда жазылады. Ал ондай кинолардың көрермені жоқ. Сондықтан, бұл барып тұрған шығын.

Кинопрокатшылар Голливуд фильмдеріне қазақша субтитрді де жолатқысы жоқ. Айтуларынша, ағылшын тілінен аударғанда қазақтың сөзі көбейіп кететін көрінеді. Әрі оны дыбыстайтын актерлер де тым көп ақы сұрайды екен. Осылай деп сан сылтауды алға тартқандар түптеп келгенде тәржімалау үшін мемлекеттен теңге сұрап отыр. Бұл қазақ тіліне аударылған ілуде бір фильм ғана. Оның өзінде «Малефисента» ертегісі мемлекеттік есебінен тәржімаланған. Мұндай туындылар киносыншыларға да ұнап отыр. Бірақ, қазақ киносына да қолдау болса екен дейді.

Гүлнар Әбікеева, кинотанушы:

-Осындай құлшыныспен депутаттар қазақ киносын қолдаса ғой. Отандық картиналарды прокатқа көбірек шығарып, оларды қаржыландырып, сонда қазақ тілді  картиналар өркендер еді. Мемлекеттік тілдің де мерейі үстем болар еді.

Танымал киносыншының айтуынша елімізде жылда қазақ тілінде 20 шақты кино түсіріледі екен. Бірақ бірде-біреуі қолдау таппай, сол күйі кинопрокатқа шықпай қалады. Ал мәселен, Францияда керісінше. Француз тіліндегілерінен басқасы мүлде көрсетілмейді.

Рашид Нұғманов, режиссёр:

-Францияда егер фильм француз тілінде болмаса, онда ол мүлдем көрсетілмейді. Сондықтан, киноны көрсеткісі келгендер оны үнемі субтитрге аударып отырады.

Шетел туындыларын қазақшалау туралы Заң осыдан төрт жыл бұрын да қабылданған. Бірақ, ол кезде ешкім де пысқырып қарамады. Алайда бұл жолы депутаттар кинопрокатқа шындап кіріскелі отыр.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:

— Жоқ ,оны субтитрға бересіз, бірақ күндізгі уақытқа қойып қояды. Оны былайша айтқанда ит жұлымын шығарайын деп отыр ғой.

Қазақстанда жылына 260 кино көрсетілсе, соның тек он шақтысы қазақ тілінде екен. Бірақ, заңға өзгертулер әдеттедігей орта жолда қалмаса, бұл жағдай түбегейлі өзгерейін деп тұр.

ktk.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті