jasqazaq.kz

Кімдердің тап бергенін айтты: Нұрқанат Ғайыпбаевтан жауап алған полицей сотта жауап берді

06 мамыр 2025, 10:54

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта Талғар ПБ аудандық криминалдық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Медет Әділжан сөйледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Шерзаттың ағасы ауруханада жатқан Нұрқанат Ғайыпбаевтан жауап алған осы М.Әділжан екен.
Қорғаушылар одан Ғайыпбаевқа күдіктілердің суретін көрсеткенде, кімдерді таныды деген сұрақ қойды.
Медет Әділжанның айтуынша, Ғайыпбаев Абзал Шынасылдың Шерзатқа тап бергенін, ал Азамат Тоқтаубаевтың өзін жарақаттағанын айтқан.
Бұған дейін сот отырысында ауруханадағы тергеудің бейнежазбасы көрсетілсе де, Ғайыпбаевтың суреттен кімдерді танығаны анық көрінбеген. Медет Әділжан бүгінгі сот отырысына осыны анықтау үшін шақырылған.

JQ-Aqparat
Сурет: видеодан скрин

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей