Қызылшамен ауырған балалардың дені екпе алмаған

25 шiлде 2023, 15:11

Батыс Қазақстан облысында қызылшамен ауырған балалардың көпшілігі екпе алмаған. БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша жыл басынан бері облыста қызылшаның 19 жағдайы тіркелген.

Науқастардың көпшілігі – денсаулығына байланысты екпе алмаған балалар. Сондай-ақ екпе алу мерзімі әлі келмеген 1 жасқа дейінгі сәбилер және ата-анасы екпеден бас тартқан балалар.

Ауырғандардың 63 пайызы Орал қаласы, 26,3 пайызы Ақжайық, 5,2 пайызы Қаратөбе мен Бәйтерек ауданының үлесіне тиеді.
Қызылша ошақтарында байланыста болғандарға медициналық бақылау орнатылды. Сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қарым-қатынаста болғандарға қызылшаға қарсы екпе салынды.

Департамент басшысының айтуынша, бірнеше жыл бойы екпеден бас тартқан ата-аналар саны көбейіп отыр. Мысалы, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, екпеден бас тартқандар саны 44,2 пайызға өсті.

«Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша өңірде эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Жыл басынан бері топтасқан аурушаңдық, құтыру, тырысқақ, оба, түйнеме, дифтерия, қызамық, іш сүзегі, полиомиелит, безгек, сіреспе аурулары тіркелген жоқ. Дегенмен жіті ішек инфекциялары 2,5 есеге артты, бұлардың дені 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Сонымен қатар 21 науқас дизентерияға шалдықты. 13 адам жедел вирусты А гепатитімен сырқаттанған», — деді М.Арыспаев.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды