jasqazaq.kz

Қызылордада сталкинг ісі бойынша өгей әке қамауға алынды

13 ақпан, 11:56

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қызылордалық бойжеткенді өгей әкесі аңдып, оның тыныштығын бұзған.

inform.kz хабарлағандай, жәбірленушінің арызы негізінде полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс тәулік ішінде сотқа жолданды.

— Жыл басынан бері облыс аумағында әйелдерге қатысты 6 сталкинг дерегі анықталып, жолы кесілді. Барлық жағдайда күдіктілер жәбірленушілермен бұрын таныс болған. Көп жағдайда қарым-қатынастың тоқтағанына қарамастан күдіктілер қудалауын жалғастырған. Атап айтқанда, түрлі нөмірден қоңырау шалған, хабарлама жазған, үйі мен жұмыс орнына барған, әлеуметтік желілер арқылы мазалаған. Жәбірленушілер байланысын толық үзгеніне, нөмірін бұғаттағанына және кездесуден бас тартқанына қарамастан қудалау әрекеттері тоқтамаған, — делінген хабарламада.

Полиция мұндай құқықбұзушылық үшін заңнама аясында қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Мұндай жағдайға тап болғанда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

 Фото: freepik

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес