jasqazaq.kz

Қызылордада қысқаруға ұшыраған дәрігерлер үлкен шу шығарды

01 қараша 2017, 22:12

Жаңа жылдан бастап облыс бойынша 208 санитар жұмыстан босатылайын деп жатыр. Бұл медицина саласын оңтайландыру мақсатындағы Денсаулық сақтау министрлігінің 450-ші бұйрығы екен. Соған сәйкес жедел жәрдемде жұмыс істейтін ақ халаттылардың штат саны қысқармақ. Бірақ, дәрігерлерді жұмыстан шығару жергілікті басшылыққа оңай болмай, мәселе дау-дамайға ұласты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл қызылкеңірдек болып жатқан облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері. Штат санын оңтайландыру мәселесін қызметкерлерге түсіндіріп жатыр. Оңтайландыру дегені жұмыстан шығару.

-Маған 55-ке келгенде басқа жерден жұмыс тауып бермейді. Балам жұмыстан шыққаннан кейін өзім күнімді көрем ба, үш жыл өмірім бар ма, өліп қалам ба?!

Өкініштісі, қысқартуға ұшырағандар арасында осы салаға неше жыл ғұмырын сарп еткендер де бар.

-36 жыл біз осының оты мен суына кіріп-шықтық. Ауруды осы жерден таптық. Инсультті осы жерден алдық.

Осындайда жұмысшылардың жанынан табылуы тиіс кәсіподақ ұйымының көмегі санитарлардың көңілінен шықпай қалды. Басшылықтың шешіміне келіспей, тайталасқа түсе ме деген адам керісінше жақтап отыр.

Темірхан Көрегенов, Қызылорда облыстық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:

— Еңбек кодексі бойынша қысқартып қоя салатын еді заң бойынша. Заң бойынша кім қысқартуға жатпайды, бірінші соны таңдап алады.

Басшылықтың айтуынша, қысқартуға ұшырағандардың бәрі далада қалмайды. Біразының жұмысын ауыстырып, басқа штатпен алып қалуға тырысып жатыр екен.

Алмат Құрманғалиев, Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

-Жалпы 208 санитар ғой енді. Соның 88-і бізде қалады. Енді қалғаннан кейін олар «техничка» болып қалады. Бұрынғыдай шақыртуға шықпайды.

Ешкімді далада қалдырмаймыз дегенмен, қалған 120 қызметкерге дайын тұрған жұмыс жоқ. Олардың енді қайда барып орналасары әлі белгісіз.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы