Қызылорда: орталық алаң абаттандырылады

18 шiлде 2023, 10:24

«Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесі мен Желтоқсан көшелерін А.Байтұрсынов көшесіне дейін, Ы.Жақаев көшесін Әйтеке би көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін абаттандыру» жобасына орай мердігер мекеме «Техоснастка-ремсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын бастады. Бұл туралы Қызылорда қалалық әкімдігі жариялап отыр.

Соңғы уақыттары облыс орталығында қаланың көркіне көрік қосқан демалыс орындары көбейіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы да жайлы жағдай жасау мақсатында және эстетикалық әдемілік үшін жүзеге асырылып жатыр. Сондай игілікті істердің бірі он жылдан астам уақыт жаңартылмаған орталық алаңда басталды.


Жоба бойынша орталық алаңның субұрқақтары аумағына брусчаткалар, жолжиек тастар орнатылады. Жарықдиодты шамдар қойылып, газондар, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылады. Сонымен қатар шағын архитектуралық пішіндемелер орналастырылады. Ы.Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады.


Жоба жоспардағыдай жүзеге асырылған жағдайда әдетте мейрам күндері мерекелік іс-шараларды ғана тамашалауға жиналатын қала тұрғындары мен қонақтары енді орталық алаңға күнделікті кешкісін серуендеуге келуіне және бір мезгіл таза ауада кітап оқып отыруына жағдай жасалады деген үміт бар.
Бұл жаңалықты тұрғындар үлкен қуанышпен қабылдап отыр.

А.Жұмабекқызы,
Қызылорда

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды