Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

18 шiлде 2023, 19:10

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, олардың толғандырған мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі жеке қабылдауға 12 адам келді.


Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй алу, тұрғын үйін заңдастыру, денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар мәселе көтерді. Облыс әкімі азаматтардың мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын айтты. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.


Мәселен, қала тұрғыны «Шұғыла» шағын ауданы №40 үйдің шатыры апатты жағдайда екенін жеткізді. Аймақ басшысы қала әкіміне жағдаймен танысып, тұрғындармен кездесіп, шұғыл шара қабылдауды тапсырды.


Қабылдауға келген тағы бір тұрғын қаладағы Теректі көшесі сапасыз асфальтталғанын айтты. Облыс әкімі жауапты басшыларға 10 күн ішінде көшедегі жөндеу жұмыстарын талапқа сай етуді жүктеді.


Сол жағалаудағы №38 үйдің сапасыз салынғанына шағым айтқан қала тұрғынының да мәселесі жерде қалмайды. Биылғы қыркүйектің 1-іне дейін құрылыстағы кемшіліктер дұрысталуы керек.


Енді аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес аталған нысандарға түсірілім тобы барып, қазіргі жағдайы туралы мәліметтер жинақтайды. Облыс әкімі тапсырған мерзімде жұмыс нәтижесі туралы қосымша ақпараттандырылатын болады.
Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

А.Жұмабекқызы,
Қызылорда

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды