Қызылорда: Меморандумда келісілген міндеттемелер мен жауапкершілік аясында еңбек ұжымдарында мониторинг жүргізіліп жатыр

18 шiлде 2023, 16:26

Қазіргі уақытта еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбек жағдайын және өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын және жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Әлеуметтік әріптестердің өзара түсіністік және ынтымақтастығы туралы» меморандумдарда келісілген міндеттеме мен жауапкершілік аясында еңбек ұжымдарында мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен Әлеуметтік-еңбек қатынастары және Әлеуметтік кодекске байланысты еңбек заңнамасындағы өзгерістер туралы брифингте «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев айтты.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен облыста жұмыс істеп тұрған 52 ірі және орта кәсіпорындармен еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбек жағдайын, сондай-ақ өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын, жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Әлеуметтік әріптестердің өзара түсіністік және ынтымақтастығы туралы меморандумдар жасалған болатын. Бүгінгі еңбек ұжымдарында жүргізіліп жатқан мониторинг осы меморандумдар бойынша келісілген міндеттеме мен жауапкершіліктің қалай жүзеге асып жатқанын тексеруге, мекемелердегі жұмыскерлердің жалпы әлеуметтік ахуалын білуге негізделіп отыр.
«Облыс көлемінде еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы және Қызылорда облысындағы жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісім шеңберінде жүзеге асырылуда. Барлық мәселелер облыстық үш жақты комиссияда қаралады.
Жалпы, қазіргі уақытта Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 12 салалық кәсіподақта 1020 кәсіподақ ұйымын, 95600 кәсіподақ мүшесін біріктіреді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында да кәсіподақ мүшелерінің саны артып отыр, – дейді Мақсұт Ыбрайханұлы.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 30 маусым күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінде республика бойынша өңірлерде 2021-2023 жылдардағы еңбек дауларының алдын алу және шешу бойынша кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестермен бірлесе атқарған жұмыстары қаралып, талқыланды. Талдау көрсеткендей, барлық аймақтардағы қақтығыстардың себептері бірдей, бұл еңбек қатынастарында жүйелік проблемалардың болуын көрсетеді.
Олардың негізгілері ретінде еңбекақы төлеу мәселелері (төмен жалақы, бір сала шеңберіндегі еңбекақы төлеу жүйесіндегі диспропорция, жалақыны индекстеудің болмауы); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтамау, т.б. мәселелерді айтуға болады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін қоса алғанда, еңбек заңнамасын сақтауға байланысты мәселелерді, бірінші кезекте ауыр жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындарда бизнесті тексеруге мораторийден алып тастау жолымен еңбек қатынастарын мемлекеттік бақылау институтын нығайту сынды заңнамалық өзгерістерді ұсынып отырғаны белгілі.
«Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаевтың айтуынша, «Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жұмыс берушілермен «Еңбек кеңестері» акциясы шеңберінде кездесулер өткізіп тұрады. Кездесулерде жұмыс берушілерге жұмыскерлердің жалақысын көтеру, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыруды жетілдіру туралы кеңестер беріледі. Ұйымдарда әлеуметтік әріптестіктің негізгі құралы саналатын ұжымдық шарт жасасу туралы үгіт-насихат жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде Заң клиникасы жұмыскерлерге құқықтық көмек көрсетеді. Мәселен, соңғы 6 айда 97 мәселе қаралған.
«Бірлестік алаңында Татуластыру бөлмесі белгіленген. Даулы мәселелерді кәсіподақтардың заң мамандары, медиатор кәсіподақтар қарап, тараптардың бітімге келуіне, еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша жұмыс жүргізеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта жеке еңбек дауларының Келісім комиссиясында қаралу тәртібі, оның жұмыс ережесі, Еңбек кодексіндегі өзгерістер туралы 8 оқыту семинары өткізілді. Облыс бойынша қазірде еңбек шиеленісі деген мәселе жоқ, еңбек қатынастарының жағдайы қалыпты, жұмыстар тұрақты жүргізілуде», – дейді Мақсұт Ыбрайханұлы.
Кәсіподақтар өз тарапынан еңбек заңнамаларының сақталуын қоғамдық бақылау, еңбек шиеленістерінің алдын-алуда және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдарда оңтайлы жетілдіруде әлеуметтік әріптестермен бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.

А.Жұмабекқызы,
Қызылорда

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды