jasqazaq.kz

Қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастаған

13 желтоқсан 2017, 9:56

Қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын балтамен шауып тастаған. Оқиға Ресейдің Серпухов деген ауылында болған. Бұл туралы ІІМ-нің Мәскеу облыстық Бас басқармасының сайтында хабарланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 26 жастағы ер адам әйелін көзіне шөп салды деп ойлап, орманға апарған да, балтамен ұрған. Бұдан кейін ер адам келіншегін ауруханаға өзі жеткізіпті. Аурухананың бас дәрігері Александр Мясников науқастың Серпухов ауруанасына «оң және сол буынының ампутациясы» диагнозымен түскенін хабарлады. Дәрігерлер құқық қорғау органдарынан шауып тасталған қолдың бөлігін орманнан тауып әкелуді сұраған. Сөйтіп, табылған қолды жалғау бойынша ота 18.50-де басталып, 03.50-де аяқталған. «Оның қолын қосып тігіп бердік, жазылып кетеді деп үміттенеміз», — дейді 26 жастағы келіншекке ота жасаған дәрігерлер. Тергеушілер болса РФ ҚК-нің 111-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша, ер адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір ол ұсталған.

tengrinews.kz

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң