
Бейнеде көрсетілген материал — NASA ғарыш шаттлдарында қолданылған жылу қорғаныш плиткасы. Ол 800–1000 °C-қа дейін қызса да, ерекше құрылымының арқасында жылуды өте баяу өткізеді.
Плитка ультражеңіл кварц талшықтарынан тұрады, ішінде ауаға толы микрокеуектер көп. Сол себепті жылу ішке баяу таралады әрі материал жылуды көп жинамайды. Сондықтан оны пештен алған соң шетін қысқа уақытқа ұстап көруге болады.
Бірақ бұл толық қауіпсіз деген сөз емес. Ұзақ ұстаса — күйік алу қаупі әбден мүмкін. Оның үстіне плитка өте сынғыш келеді екен.
View this post on Instagram
Видео: @autopoiesis.science