jasqazaq.kz

«Қызға жаным ашыды». Алматы әуежайында дүрбелең тудырған Баратовтың соты болып жатыр

07 сәуiр, 16:21

Наурыз айында Алматы халықаралық әуежайында әуе қауіпсіздігі қызметкерін кепілдікке алған Машрабек Баратовтың соты жүріп жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Прокурор Алмас Бертаевтың айтуынша, 67 жастағы Баратовтың қарызы болған, ұзақ уақыт жұмыс таба алмаған. 7 наурызда ол әуежайға дейін автобуспен келіп, билеті жоқ болса да тіркеуден өтуге әрекет жасаған. Әуе қауіпсіздігі қызметкері Ботагөз Мұхтарова одан құжаты мен билетін сұрағанда шашына жармасып, ұшу аумағына қарай сүйрей жөнелген. Полиция мен жиналған адамдарды көргенде пышақты қыздың тамағына тақап, полицейлердің бірі қаруын тастап өзіне жақындауын талап етеді. Сондай-ақ ол әуежайды жарып жіберетінін мәлімдейді.

Прокурор: «Ол адамды кепілдікке алып қоймай, терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасады», — деді.
Сотта сөйлеген Баратов сол күні автобусқа отырып, жұмыс туралы хабарландыруды қараймын деп әуежайға қалай жеткенін білмей қалғанын айтты. Ол аяқ астынан Астанаға барып, сол жақтан жұмыс іздеуге бел байлайды.

«Мен әуежайға кірдім, Астанаға ұшайын деп жатыр екен. Қалтамда 7 мың теңге болды. Тіркеуден өттім де, қыздың қасына келдім. Ол құжаттарымды сұрады. «Қазір үш минуттан кейін келемін» деп едім, жағамнан ұстай алды. Мен шашына жармастым. Шу басталды, полицияны көрген соң маған оқ ататын шығар деп ойладым. Біреуіне «қаруыңды таста, сонда оны жіберемін» дедім. Әуежайды жарып жіберемін деп не үшін айтқанымды білмеймін», — деді.
«Қызға жаным ашыды, ол айқайлап жатты. Полицейлер жаныма келетін шығар дедім. Кинода осындай жағдай болғанда олар келетінін көргем. Ал мынад ешкім жақындамады», — деп мүңын шақты.

Сондай-ақ ол Ауғанстанда 1981 жылы контузия алғанын жеткізді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?