«Құтты мекен» қандастардың көші-қоны бірыңғай жүйемен есепке алады

17 шiлде 2023, 16:46

508 этникалық қазақ отбасы еліміздің солтүстігіне көшуге рұқсат алды. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды.
«Көші-қон ағынын есепке алу үшін көшіп-қонушылардың 13 бағытын қамтитын «Құтты мекен» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жұмыстары іске асырылып жатыр. Бұл шара мемлекеттік шекарадан өткен Қазақстан және шетел азаматтарының келу мақсаты мен тұру мерзімінің бірыңғай есебін жүргізуге, «бір терезе» қағидаты арқылы көші-қон үрдістерінің бағыты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, этникалық көші-қонды реттеу бойынша әдістер қайта қаралды. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, шетелде тұратын этникалық қазақтардың қандас мәртебесін алуға өтінішін ҚР СІМ шетелдегі мекемесі арқылы еліміздің аумағында қандастарды «бір терезе» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа тетігі енгізілді. Жаңа тетік пилоттық режимде бірқатар елде іске асырыла бастады. Қазіргі уақытта, «бір терезе» қағидаты бойынша солтүстік өңірлерге көшіру үшін 1 937 (631 отбасы) этникалық қазақтың өтініші қабылданды, оның 1 559-ы (508 отбасы) рұқсат алды», – делінген Үкімет басшысының жауабында.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды