jasqazaq.kz

Қытайдан келген келіншек үшінші баласын тығылып босанғанын айтты (видео)

11 мамыр 2018, 13:57

Үшіншісін қытай билігінен тығып туған Жеңісгүл Ермұхамед Қазақстанға келген соң тағы бесеуін босанған. 8 балалы әйел өзінің тоқал екенін айтады.

Бұл туралы ол Жетінші арнадағы «Өз ойым» бағдарламасына қонақ болып, берген сұқбатында айтты.

16 құрсақ көтерген Жеңісгүл жетпістегі шалының күйі әлі мықты екенін айтады. Сегіз перзенті тірі болғанымен, сегізі Қытайдың қатаң саясатының құрбаны болған.

Оның айтуынша, ол Қытайда екі баласын дүниеге әкелген. Қытайдың қатал заңынан қорықса да, тәуекелге барған әйел екінші қызын айдалада жалғыз босанғанын да жасырмады.

— Мен он алты құрсақ көтерген адаммын. Амал қанша сол бір саясаттың кесірінен қалған балалар шейіт бола берді. Ішіміз ашиді қазір,
— дейді ол.

Олар Отанына оралып, кең заманға қолдары тигеніне дән риза.

«Дүниеге әкелсем сотталам. Екі балам ар жақта дүниеге келген. Айдидар қызымды жалғыз өзім өмірге әкелдім. Үйде емес, себебі көзге түсіп қалсақ, әшкерелеп, үкіметтің құлағына жетеді. Әшкереленсек, мыналар өледі.

Сомен бұларды жасыруға тура келді. Сөйтіп жолдасым мені бір алыс ауылға апарып, Аллаға аманат етіп тастап кетті. Бір айланып келейін, құжаттарды әкелейік деді. Кетеміз деді. Жетіп алайық, қазақ еліне жеткізейік дедік бар арманымыз», — дейді Жеңісгүл.

Ол шалына 24 жаста тоқал боп тигенін айтты.

» Тоқалмын, құдайға шүкір. Екінші әйелімін. Біз енді ар жақта жүріп, екінші әйел болуды іске асырдық. Себебі Қытайдың қылышынан қан тамған саясаты үшін бұл мүмкін емес нәрсе. Өйткені заң оны жолға қоймайды. Тек ажырасып барып, үйленуге болады. Ажырасқанның өзінде бала бермейді. Бірінші әйеліңнен бала бар ма, екінші әйелге бала бермейді.

Бірақ сонда да біз бәйбіше қосып тұрған соң, жолдасым алам деп тұрған соң, қазақтың салты болған соң, солай өмір сүрдік.

Сонымен бірге ол бәйбішемен қарым-қатынасы турасында да сөз қозғады.

Мен оны бәйбіше деймін. Ол мені Жеңісгүл дейді. Ризамыз ол кісіге. Өте жақсы, жуас, қазақтың нағыз бәйбішесі. Ол кісі ерінің қайратына көзі жетті ғой. Сөйтіп рұқсатын берді»,- деген Жеңісгүл шалына үшінші әйел алып беру туралы да ойланып жүргенін айтты.

365info.kz

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы