jasqazaq.kz

Қытайда Димаштың концертіне билет 84 мың теңгеден сатылды

10 қараша 2017, 17:21


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы гастрольдік сапарын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайлық Weibo әлеуметтік желісіндегі ақпараттарға сенсек, Димаш Құдайберген алдағы күндері Қытайдың бірқатар қаласында ән кешін өткізеді. Әнші алғашқы концертін 16 желтоқсан күні «Singer — 2017» байқауы өткен Хунань провинциясының Чанша қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Ал екінші концерті 2018 жылғы 6 қаңтар күні Фуцзян провинциясының бас қаласы Фучжоуда өтпек.

Айта кетейік, отандасымыздың талантына тәнті қытайлық жанкүйерлер концерт билеттерін қазірдің өзінде интернет арқылы сатып алып жатыр. Билеттердің бағасы 14 мың теңгеден (280 юань) басталып, 84 мың теңгеге (1680 юань) дейін жетеді.

Еске сала кетейік, Димаш ағымдағы жылдың басында Hunan TV «Singer — 2017» ән байқауына қатысып, екінші орын иеленген болатын. Сондай-ақ бәсекедегі отандасымыздың ерекше таланты қытайлық және басқа да елдердің әнсүйер қауымын өзіне қаратты.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы