jasqazaq.kz

Қытайда бойдақтар күнінде сауда қыза түсті (видео)

12 қараша 2017, 11:41

Қытайда 11 қараша жұбы жоқ, жалғызбасты жастар мерекесі саналады. Дәл осы күнді интернет-дүкендер барынша тиімді пайдаланып қалуға тырысады. Тұтынушылар үшін жаппай жеңілдіктер жасалып, сауда қызады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Биыл бойдақтар мерекесінің алғашқы 3 минутында қытайлықтар 1 жарым млрд долларға сауда-саттық жасады. Олардың 90 пайызы ұялы телефонның төлем жүйесін пайдаланған. Өткен жылы ғана бұл көрсеткіш 80 пайыздан сәл асқан еді. «Али-баба» корпорациясының мәліметі бойынша түнгі сағат 12-ден асқанда ғаламтор саудасы әлемнің 195 елін қамтыды. Алдыңғы бестікте Жапония, АҚШ, Австралия, Оңтүстік Корея және Германия болды. Қазір Alipay жүйесі арқылы 27 валюта түрімен есеп айырысуға мүмкіндік бар. Сауда ашылған соң бір сағатқа жетпей-ақ, сауда айналымы 7 жарым млрд доллардан асқан. Ши Фэй, Бейжің қаласының тұрғыны: – 11.11 мерекесі қытайлықтар үшін жаппай сауда жасайтын күнге айналып үлгерді. Бұл қыздар қауымына жақсы болды. Мен осы күнгі жеңілдіктерді пайдаланып, косметика, киімдер, тұрмыстық техникаларды сатып алдым. Осылайша шамамен 3000 юаньды бір сағаттың көлемінде жұмсап жібердім.

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы