jasqazaq.kz

Қыстың қара суығында Өскемен тұрғындары көмірсіз қалды

23 қараша 2017, 22:21

Қазір қоймалардың алды қара отын іздеген көліктердің ұзын-сонар кезегінен көрінбейді. Ал шенеуніктер көмір өңірге кестеге сәйкес түсіп жатыр деп, қалыптасқан жағдайға тұрғындардың өздерін кінәлап отыр, деп хабарлайды ktk.kz.

Көмір қоймаларының алдында бірнеше тәулік бойы кезегін күткен жүргізушілер кабинада түнеп жүр екен. Әсіресе, алыс ауданнан келгендерге қиын. Шығыс жұрты Қаражыра кенішінен шығатын көмірді тұтынады. Оның тоннасы 8 мың теңге. Шенеуніктер басқа өңірлердегі әріптестерінің айтқандарын қайталап, мұндай жағдайдың қалыптасуына бір жағынан ала жаздай бейқам отырған тұрғындардың өздері кінәлі деп отыр. Күн суығанда ғана қоймаларға лап қойған олар енді ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр. Вагондардың жетіспеушілігі де мәселені ушықтырып тұр екен. Мысалы, тек мына қоймаға күніне көмір тиелген 8-10 вагон келуі тиіс екен. Алайда соңғы екі күнде мұнда ешқандай қара отын түспеген.

Иван Тимофеев, «ВЭУС» ЖШС директоры:

-Осы айда жоспарланған көлемнен 63 вагон кбіз өмір кем алдық. Ақшасы алдын ала төленіп қойған. Бірақ отын жоқ. Егер біздің тапсырысымыз дер кезінде орындалса, мұндай жағдай болмас еді.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті