
Елде бір палаталы Құрылтай сайлауы биыл тамыз айында өтеді. Бұл туралы jasqazaq.kz хабарлайды.
Президенттің айтуынша, Конституция күшіне енген сәттен бастап Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойылады.
«Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі. Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай “қайта құруға” жол ашады», – деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы.