Қырсыққан дәрігерлер өлім аузындағы ер адамға 20 минут бойы көмек бермеген. Нәтижесінде 47-жастағы ер азамат көз жұмған. Қазыр аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып жатыр, деп хабарлайды reactor.inform.kz.
Адамның жанын түршіктірген бұл оқиға 2017 жылдың шілдесінде орын алған екен. Ер адам өзінің туған күнінде достарымен келіспей қалып, таяқтың астына түскен. Нәтижесінде миы шайқалып, ауруханаға жеткізілген.
Белгісіз себептермен ер адам бөлмесінен шығып кетеді. Алған жарақат пен қандағы спирттің кесірінен ол фоеде құлап түседі. Алайда, оны көрген дәрігерлер көмек беруге асықпайды. Тек ақыр соңында қол-аяғы дірілдеген кезде ғана олар көмек беруге жүгінген. Кейін белгілі болғандай дәрігерлер науқастың дөрекілігіне «өкпелеп» қалған.