Қыран Талапбек: Бақытымды таптым

17 шiлде 2023, 10:40

Белгілі мобилограф, Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек екінші рет үйленді.

Ұзақ уақыт бойы сүйіктісін көпшіліктен жасырып келген Қыран Талапбек қалыңдығын көрсетті. Оның таңдауы Гүлзада есімді жас актрисаға түскен. Қыран әлеуметтік желідегі парақшасында қалыңдығымен бірге түскен суреттерін жариялады.

“Бақытымды таптым. Негізі ол ылғи жанымда болатын. Жәй ғана сіздер байқамағансыздар ғой”, – деп жазды Қыран Талапбек. Жас жұбайлар қазақтың салтымен қалыңдыққа сырға салып, беташар жасап, құдалық өткізді.

Қыран мен Гүлзаданың қуанышында әзілкеш Нұрболат Қанай, Жандос Самалбеков, Қабдол Тлеков және әнші Артур Дәулетияров бой көрсетті. Оқырманның басым көпшілігі Гүлзада Тұрлашты Қыранның бірінші әйелі Айжұлдыз Адайбековаға ұқсатты.

“Бұрынғы әйеліне қатты ұқсайды екен”, “Айжұлдыздан аумайды ғой”, “Айжұлдызга қайтып қосыла салмадың ба? Айналып келіп соған ұқсаған қыз алыпсың”, “Бұрынғы келіншегі ма деп ойлап қалдым”, “Талғамың өзгермепті”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды