jasqazaq.kz

Қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеген

09 қараша 2017, 11:10


Алматы облысында танысын жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды. Қазір 26 жастағы жігіт 30 жастағы азаматтың өліміне кінәлі деп тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған оқиға 7 қараша күні Текелі қаласында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі қоқыс алаңынан өртенген жас жігіттің мәйітін тауып алған. Полицейлер бірден өлген адамның кім екенін анықтады.Қазір 26 жастағы жігіт өзінің 1996 жылғы дос қызымен бірге күдікті ретінде тергеліп жатыр.

«Ұсталған күдіктінің берген түсініктемесінде, аталған жағдай дастархан басында ішімдік ішіп отырған кезде туындаған. Екі ер азамат қыз үшін сөзге келмей, жанжалдасып, соңы адам өлімімен аяқталған. Күдікті мәйіттен құтылу үшін оны қоқыс алаңына апарып, жағып жіберуге әрекеттенген», деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір 26 жастағы күдікті қамауда отыр. Ал қылмыстық іс жөнінде құзырлы органға хабарламаған 21 жастағы қыз да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Қазір ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» фактісі бойынша тергеу жалғасуда.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы