jasqazaq.kz

Қылмыстық топ Қазақстанға мың жарымға жуық жалған нөмірлі көлік кіргізген (Видео)

03 маусым 2021, 12:30

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері биыл наурызда көлік контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Аталған мекеменің баспасөз қызметі Kolesa.kz тілшілеріне берген мәлімет бойынша, төрт күдікті 1478 автокөлікті Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелген. Олар ұсталған кезде 60 машина табылды, өзге көліктер елдің әр аймағынан іздестіріліп жатыр.

Күдіктілердің жұмыс схемасы өте қарапайым: оң рөлді машиналар Ресейге жеткізіліп, қосалқы бөлшек жиынтығы ретінде кедендік рәсімдеуден өтеді. Содан соң олар Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде қайта кіргізіледі. Машиналарға Ресейдің мемлекеттік нөмірі тағылып, ресейлік жалған тіркеу құжатымен (негізінен Ресейдің Сібір аймақтарынан) тіркеледі де, қазақстандықтарға «сақтандыру» арқылы сатылады.

Қазір СҚО ЭТД қызметкерлері Ресей тарапымен және Қазақстанның әр аймағындағы әріптестерімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Көбіне бірнеше рет қайта сатылған машиналар табылып, тәркіленуде. Мұндайда көліктің қылмыстық жолмен келгенінен хабарсыз сатып алушы зардап шегеді.

Қазақстанда ресейлік нөмір таққан жүздеген оң рөлді машина сатылып жатыр. Біздің аналитика көрсеткендей, көбінің көрші елдің әр аймағында «егізі» бар. Яғни автомобильдер Қазақстанда ресейлік нөмірмен сатылады, бірақ дәл сондай машина (кейде басқа бренд пен модель) ұқсас нөмірмен Ресей аумағында да жүреді.

Мұндай машина сатып алудан қалай сақтану керек? «Қазақстан мен Ресейде жүрмеген» деп сатылатын Ресейде тіркелген машинаны алмаған жөн. Ғаламторда машинаны тексеруге болатын ашық мәліметтер базасы жеткілікті, нөмір арқылы тексеру артық болмайды!

Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша қасақана жалған құжат пайдаланған азаматқа 160 АЕК (466 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол жүз алпыс сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады не қырық күнге дейін қамауға алынады.

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам