jasqazaq.kz

ҚР ТЖМ: Ақсу өзенінен табылған үндістандық студенттің мәйіті емес боп шықты

12 қазан 2022, 15:31


Ақсу өзенінен табылған үндістандық студенттің мәйіті емес болып шықты. Медицина сараптамасының қорытындысы іздестіру-құтқару жұмыстары барысында табылған мәйіт Үндістан азаматы емес екендігін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарптамының қортындысының нәтижесінде мүрденің қыз бала екендігі анықталды. Табылған мүрденің кім екенін анықтау үшін мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Айта кетейік, 10 қазан күні сағат 13:15-те үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір адамның мәйітін тапқан болатын.

Түркістан облысы ТЖД Үндістан елеінің азаматтарынан басқа жоғалған азаматтар жайлы хабарлама келіп түспеген. Іздеу жұмыстарына 12 құтқарушы мен 2 қайық жұмылдырылған.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары 3 ай бойы жүргізілді. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты, өзеннің қатты ағысы іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтірді. Сонымен қатар, құтқарушыларға таулар тік болғандықтан өзен жағасына түсу қиын болды. Өзеннің тереңдігі 14 метрге жетеді, ал сүңгуірлер 11 метр тереңдікке сүңгіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді»,-делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметте.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті