jasqazaq.kz

ҚР СІМ экс-жауапты хатшысы қамауға алынды

13 маусым 2018, 16:37

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев шамамен 10 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікпен қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро өкілдері Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің аса ірі көлемде алған парасын әшкереледі. Мемлекеттік жауапты қызметте бола отырып, ол министрліктің ведомство ұйымдарының жетекшілері Сәкенованың, Нұрекеновтың және Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырған. Осы үшін Қарашев жүйелі түрде 10 миллион теңгеден аса заңсыз сыйақы алып отырған», — деп хабарлады Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин. Ұлттық бюро мәліметінше, Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанова қылмыстық жоспар құрып, кәсіпкерлерден министрлік үшін қызмет көрсетіп, бұл қызметтерді кедергісіз қабылдап алғаны үшін 20 миллион теңгеден аса пара алған. «Алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Соттың санкциясы бойынша, Қарашев пен Нұрекенов қамауға алынды. Сәкеноваға қатысты үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді Жахин.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды