«ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» ұйымына -13 жыл

25 маусым, 9:30

Ардагерлердің республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғғаына 13 жыл толуына орай Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты шара болып өтті.
Оны «Қарулы Күштер ардагерлері» Астана филиалының төрағасы, отставкадағы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов ашты. Ол өз сөзінде қоғамдық бірлестіктің бүгінгі қызметіне тоқталып, ардагерлердің қоғамдық өмірге белсене қатысып, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосып жүргенін жеткізді.
Олардың әскери бөлімдерге жиі барып, жас командирлерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетіп, әскери қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып жүргенін айтты.

Сондай-ақ, түрлі турнирлер, жастарды әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу, «Ерлік сабақтарын» және басқа да іс-шаралар өткізуде.
«Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ әскери қызметті насихаттау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру жөніндегі бірлескен жұмысыты жемісті жүргізіп келеді.


Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов өз кезегінде жалпы ардагерлер миссиясының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағамбет әріптестерін айтулы күнмен құттықтады.
Кездесуге қатысушылар Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы С.Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жылдығына арналған бейне баянды тамашалады.


Салтанатты кеш барысында Қарулы Күштердің қалыптасуы мен дамуына, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлестері үшін бірқатар ардагерлер «Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Оның ішінде «Сағадат» әнінің авторы әрі орындаушысы ҚР ҚК әскери ән-би ансамблінің солисі, композитор Нұрлан Нұртазин де бар.


Мерекелік медальдің дизайнын өз қолымен жасаған отставкадағы полковник Қайыр Дінбаянов батыр бейнесін мәңгілік есте қалдыру идеясының осыдан оншақты жыл бұрын келгенін айтып берді. Тұңғыш қорғаныс министрінің көзі тірісінде көптеген фотосуреттерін жасап, оларды кейін тарихи шежіреге айналдырған ардагер медальдің матасындағы түстердің нені білдіретінін де түсіндірді. Қызыл жолақ от кешкен майдан жолдарын, көк түс тәуелсіздік пен бейбітшілік символы, ал екеуінің ортасындағы сары жолақ Сағадат ағамыздың өнегелі өмір жолын білдіреді деді Қ.Дінбаянов.

Ә.Смайылов

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде