

8 қазан күні Ұзынкөл ауданында аңға шығып, оралмаған кəсіпкердің денесі табылды.
Қостанай облысы өңірлік-аэроұтқыр жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидтің айтуынша кəсіпкер Александр Коржавиннің мүрдесі Қарасор өзеніндегі қамыстардың арасынан шыққан.
Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.
«Жоғалып кеткен кәсіпкер Коржавинді іздестіру кезінде алтыншы күні таптық. Іздеу шаралары аяқталды», — деді Шмидт. Еске салсақ, белгілі кәсіпкер Александр Коржавин 78 жастағы досы Николай Вещиковпен бірге аңға шығып, оралмаған. Оны іздеуге тəртіп сақшылары, еріктілер, кəсіпкердің туған-туыстары жұмылдырылды.