Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен үйіне оралды, деп хабарлады «Алау» өңірлік сайты Қостанай облысы ІІД-не сілтеме жасап.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 ақпанда түнде полицияға 15 жастағы баланың анасы қоңырау шалып, ұлының үйден кетіп, қайта оралмағанын айтқан болатын.
БАҚ-қа ІІД берген мәліметке сүйенсек, жасөспірім үйіне оралыпты. Жағдайы жақсы.