jasqazaq.kz

Қостанайда жалған кәсіпкерлік деректері көбейген

31 қазан 2017, 17:24

Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаменті тоғыз айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Департамент мәліметіне сенсек, облыста жалған кәсіпкерлік деректері көбейген.

Көлеңкелі бизнеске қатысты бірнеше факті анықталып, мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаражатқа қол сұққандардың әрекеті әшкере болған. Жалған кәсіпкерлікпен күрес және мемлекеттік бағдарламалар қаражатының игерілуін қадағалау фактілері бойынша 43 қылмыстық заңбұзушылық әшкереленді. Оның нәтижесінде 47 млн теңгеге жуық келтірілген шығынның 34 млн теңгесі өтелді. Биыл департамент қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» компаниясынан 40 тонна дизель отынын ұрлап, әрі қарай сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Олар мұнай өнімін облыс кәсіпорындарына, жергілікті тұрғындарға, тіпті, Ресей Федерациясында саудалаған. Сондай-ақ, облыс орталығында заңсыз айналымда болған, лицензиясы жоқ 36 тонна шараптың көзі жойылды. Ал Қарабалық ауданында алкогольді өнімді заңсыз сақтап, сатқан тұлғаға 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы