jasqazaq.kz

Қостанайда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан студент құрықталды

09 шiлде 2025, 14:55

Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Қарасора – 2025» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жергілікті колледждердің бірінде оқитын 19 жастағы студентті ұстады. Ол синтетикалық есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікке ілінді. Жедел мәліметтерге сәйкес, жас жігіт 2025 жылдың сәуір айынан бастап есірткі таратушы ретінде жұмыс істеп, синтетикалық есірткі сату бағытында жұмыс істейтін интернет-дүкенмен байланыста болған. Күдікті бұған дейін есірткі жасырған орындарды тексеру барысында қызыл изолентаға оралған төрт түйіншек табылды. Ішінен ерекше иісі бар ақ түсті зат шықты, алдын ала болжам бойынша — синтетикалық есірткі.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде қосымша айғақтар табылды. Полицейлер телефон қорабынан жасыл түсті, өсімдік тектес құрғақ затты анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл — кептірілген марихуана. Сондай-ақ қаладағы 8-шағынауданда орналасқан гараждан есірткіні буып-түю мен тұтынуға арналған құралдар табылып, тәркіленді. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін мойындап, есірткіні таратып жүргенін болғанын растады. Ол есірткінің партияларын алып, оларды алдын ала белгіленген орындарға жасырып, координаттарды мессенджер арқылы сатып алушыларға жіберіп отырған. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын және ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда. Полиция есірткінің заңсыз айналымына, соның ішінде интернет арқылы таратылуына қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарды мұндай фактілер туралы дереу хабарлауға және сақ болуға шақырады.

 

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету