jasqazaq.kz

Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрған бір топ жігіт кешірім сұрады (Видео)

02 сәуiр, 15:46

Қостанай облысының полициясы күдіктілерді ұстау сәтінен кадрлар жариялады. Ұсталғандар зардап шеккен полицейден ғана емес, оның әріптестерінен де кешірім сұрады.

Мен жасаған қателігім үшін барлық полиция қызметкерінен кешірім сұраймын. Қатты өкінемін, өтінемін, мені кешіріңіздерші. Мен бұдан былай ешқашан мұндай әрекетке бармаймын. Өкінемін, кінәлімін, — дейді видеода ұсталғандар.

Полицейге шабуыл жасағандарды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бірден санкцияланған жоқ. Олар «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» бабы бойынша іс қайта сараланғаннан кейін тергеу изоляторына (СИЗО) жіберілді. Енді ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бір топ адамның полиция қызметкеріне шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 380-бабы 6-бөлігі 4-тармағы бойынша сараланды, оның санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қарастырады. Қостанай облыстық сотымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, — деп хабарлады Қостанай прокуратурасы.

 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр