jasqazaq.kz

Қостанайда өрт болып, 64 адам қауіпсіз жерге көшірілді

05 қараша 2017, 16:12

Қостанайдағы КСК шағын ауданында өрт болып, 64 адам қауіпсіз жерге көшірілді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға 5 қараша күні Қобыланды батыр көшесіндегі 24-ші үйде болды.

«Өрт сөндіруге 24 адам және 9 арнайы техника жұмылдырылды. Солтүстік өңірлік аэро-ұтқыр жасағынан 4 адам шақыртылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны өрт ошағында қалған адамдарды іздеді. Тұрғындар жоғарғы қабаттан автосатылар арқылы төмен түсірілді. Өрт 02:37-де ауыздықталды», — деп жазған ТЖД баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде. Өрт аумағынан 1960 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Барлығы 64 адам қызыл жалыннан оқшауланды. Оның ішінде алтауы — балалар. Өрт толықтай 3:04 сағатта өшірілді.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы