jasqazaq.kz

Қостанайда «Нұрлы жер» бойынша қандай құрылыс жүргізіліп жатқаны белгілі болды

09 қараша 2017, 13:43

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдың «Әуежай» жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Әуежай» жаңа шағын ауданында 900 орындық мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешені бой көтеруде.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне «Нұрлы жер» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда. Соның қатарында мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.

Жаңа шағын ауданның көлемі – 31,7 гектар. 2014-2017 жылдарда жалпы көлемі 80542 шаршы метрді құрайтын 16 үй пайдалануға берілген. Бүгінде тағы 12 үй салынып жатыр.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы