Жол апаты Қостанайдағы Корей көпірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көліктер мен жүк көліктері соқтығысып қалған. Жол тайғақ. Көліктер көпірмен жоғары қарай көтеріле алмай, төмен қарай құлдилаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі alau.kz-ке сілтеме жасап.
«Заречный жақтан келе жатырмыз. Кептеліс. Астық тиеген «Камаз» тұр. Жолдың шетіне тіркеме және «девятка» көлігі шығып кеткен, одан басқа тағы төрт көлік тұр. Камаздар мен жүк көліктері соқтығысқан. Барлығы жоғары қарай жылжымақ болған. Дөңгелегі жақсы көліктер өтіп кетті, басқасы тұр», — дейді куәгер.