Әлеуметтік желіде Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс сәті түсірілген видео жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеоны «Наша Газета (Костанай)» Telegram-арнасы жариялады. «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Кадрларда алдымен ғимараттан қою түтін шығып жатқаны, кейін өрт шыққаны көрінеді. Содан кейін дүкеннен адамдар жүгіріп шығады.
Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі «Оружейная палата» дүкенінде өрт шыққан болатын. Жақын маңда тұрған көліктер де өрттен зардап шеккен. Сонымен қатар, сегіз жекеменшік үй өртеніп кетті.