jasqazaq.kz

Қостанайда қарияны тонап кетті

23 қазан 2017, 16:56

Қостанай облысының Құсмұрын ауылдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскерлер тобын құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары 18 және 38 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйелді ұстады. Күдіктілер 21 қазан күні таңғы 04:00 шамасында Құсмұрын ауылында тұратын 84 жастағы зейнеткердің үйін тонап кеткен. Кейін белгілі болғандай, бұлар әжейдің көзі нашар көретінін алдын ала білген. Дегенмен, зейнеткер олардың дауысын естіп, кімдер екенін анықтаған. Пәтердің есігін бұзып кірген бұзақылар 137 мың теңге мен азық-түлікті қолды қылды. Полицияның хабарлауынша, іс үш күн мерзімде қаралып, одан кейін прокуратураға жіберіледі. ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрлаған ақшаның жартысы иесіне қайтарылды.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс