jasqazaq.kz

Қостанайда есірткі сатумен айналысып келген әйел ұсталды

23 қараша 2017, 16:11

Қостанай қаласында есірткі таратумен айналысқан 49 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала тұрғыны бірнеше жыл бойы есірткі сатумен айналысып келген.

Ол бұған дейін де «Есірткі заттарын заңсыз сақтау» фактісі бойынша жазаға тартылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Жедел алдын-алу шарасы барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған егде жастағы азаматшаны тексерген. Нәтижесінде оның сырт киімінің қалтасынан полиэтиленмен қапталған түйіншек табылды. «Қылмыскерді Рабочая көшесінің бойында ұстадық. Оның қалтасында 37 грамм героин болған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297 бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деді ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері Ілияс Ахметов. Жалпы жедел алдын алу шаралары аясында жыл басынан бері облыс көлемінде 184 келі есірткі заттары тәркіленіп, 220-дан аса қылмыстық іс қозғалған.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті