jasqazaq.kz

Қостанайда 3 жігіт көлік ұрлап, ұсталып қалды

20 қазан 2017, 19:50

Қостанайда автокөлік ұрлаған үш жүгіт жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 20 қазан күні таңғы 6:00 шамасында болған.

Майлин және Дощанов көшелерінің қиылысында 19 жастағы жүргізуші көлікке ие бола алмай, ағашқа соғылған. Көлікте үш адамның болғаны анықталды. «Жол-көлік оқиғасынан соң жарақаттанғандар жоқ. 18-19 жастағы үш жігіт «BMW» көлігін ұрлап кетпек болған. Автокөлік иесі оны жуу үшін қалдырып кеткен. Көлік жуу бекетінде жұмыс істейтін үшеуі арам пиғылдарын жүзеге асырғысы келді», — деді ІІД баспасөз қызметіндегілер. Бұзақылар жәбірленушіге материалдық залал келтірген үшін айыпталуда. ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 -бабы бойынша сараптама жасалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс