jasqazaq.kz

Қостанай тұрғыны 3 өзбекке мәжбүрлеп үй салдырған

21 ақпан 2018, 17:50

Қостанай облысы көші-қон қызметі басқармасының мамандары шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған қостанайлықты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мобильді топтың жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс аумағында 14 шетел азаматының заңсыз жұмыс істеп келгені анықталды. «19-21 ақпан аралығында жүргізілген «Мигрант» шарасы аясында Өзбекстан азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған Қостанай тұрғыны ұсталды. Аталған шетел азаматтарының барлығы — 20-30 жас аралығында. Қостанайлық шетелдіктерге өзінің үйін салдырған. Енді оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», — деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінде. Полицейлердің айтуынша, «Мигрант» шарасы аясында 78 түрлі заңбұзушылық тіркелді. Сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеп келген 14 шетел азаматы елден қуылды.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды