Қостанай облысында табиғи өртті сөндіруге жұмылдырылған өртсөндірушілер жалын шарпыған ауыл тұрғынын құтқарған сәтті видеоға түсірген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ер адам құлыптаулы үйде қалып қойған. Кадрлардан өртсөндірушілер арқан көмегімен үйдің терезесін сындырып, содан кейін адамды сыртқа шығаратыны көрінеді.