jasqazaq.kz

Қостанай облысында 200 келіден астам есірткі тәркіленді

11 наурыз, 9:52

Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және облыс прокуратурасымен бірлесіп, ірі көлемдегі есірткі заттарын тасымалдау арнасын тоқтатты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында 200 келіден астам тыйым салынған заттарды тасымалдаған ер адам ұсталды.

Көлік құралын тексеру кезінде жүк көлігінің кузовынан, темір бөшкенің ішінен полиэтиленге оралған қап табылды. Оның ішінде өсімдік тектес зат болған. Автокөлікті мұқият тексеру барысында полицейлер арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтады. Жасырын бөлікте мөлдір скотчпен оралған, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған 20 қап болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық мән-жайлар мен есірткі заттарын жеткізу арналары анықталуда

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр