jasqazaq.kz

Қош бол, холестерин!

10 қантар 2023, 16:10

Өткен аптадан бері «Ойбай, McDonalds кетті!», «Қайта айналып келе ме, орнына басқа бірдеңе ашыла ма» деген сияқты сөз көбейді. Тіпті бұл тақырып, басқаны былай қойғанда, жоғары деңгейде талқыланды.

2016 жылдан бері елімізде McDonald’s-тің 24 мейрамханасы Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағандыда ашылған болатын. Қазір олар жабылғаннан кейін екі мыңдай адам жұмыссыз қалды.

Бұл желінің кімге тиесілі екенін тәптіштеудің қажеті шамалы. Бүгін тілші қауым Food Solutions KZ бас директоры Әсет Машановқа «McDonalds желілері жұмысының тоқтауы Қайрат Боранбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іспен байланысты ма?» деген қыршаңқы сауал қойыпты.
«Менің білуімше, екі оқиғаның арасында ешқандай байланыс жоқ. Әрине, бұл туралы McDonalds корпорациясынан сұраған жөн. Ал жалпы бұл іске қатысы шамалы», — деп жауап берді ол.
McDonalds-тың Қазақстанға оралу мүмкіндігіне қатысты ол: «Көптеген факторға байланысты. Бұл сауалға нақты жауап бере алмаймын. Өйткені оны жаһандық корпорация шешеді. Орын алған жайт қазіргі геосаяси ахуалға байланысты. Ол шешілгеннен кейін жеткізілімнің бұрынғы жүйесі қалпына келер болса, онда бұл мәселе шешіліп қалар», — деп екіұшты пікір білдірді.
Өткен аптада Қазақстан Ет одағының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев та өз пікірін білдірген-тұғын. Оның айтуынша, McDonalds – қауіпсіздік пен өнім сапасы алдыңғы кезекте тұратын халықаралық компания. Жердің қай бұрышында да бургердің дәмі бірдей болуы тиіс. Сол себепті котлет жасалатын ет қатаң тексеруден өтеді-мыс. Мақсұт Бақтыбаев Қазақстандағы кез келген цех немесе ет комбинатымен келісімге отыруға болмайтынын да жеткізді. Ресейде мұны итальяндық компания жүзеге асыратын. Ет комбинаты Орынборда, ал жартылай фабрикат цехы Мәскеудің түбінде еді. Бұл кәсіпорындарды салуға кезінде жүздеген миллиард доллар жұмсалды. Әрине, терістік көршіміздің орасан нарығына қарап, инвестор салған қаржысы еселеп қайтарына сенімді болды. Бірақ геосаяси ахуал ол жоспардың күл-талқан етті. McDonalds желілері Ресей мен Беларусьте жабылып, орнын басқа брендтер басты. Енді кезек бізге келді.

McDonalds алғаш жұмысын бастағанда, қызыққан жұрт солай қарай ағылғаны есімізде. Сол кезде шетелдің ақпарат құралдары «қазақстандықтар холестерин кезегінде тұр» деп жазып жатты.
Ал қазір «өзіміздің бауырсаққа ештеңе жетпейді» деп, бургердің кеткеніне қапа болып жатқандар шамалы.

Наргүл Мырзахмет

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде