jasqazaq.kz

Қолында гипс болса да қола алды

13 ақпан 2018, 10:31


Қазақстандық Юлия Галышева 28-ші Қысқы Олимпиададағы қуанышымен бөлісті. Өткен айда ғана қолын жарақаттап алған ол бұл жарысқа ауырсынып қатысқан екен. Соған қарамастан жерлесіміз Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. Қызының мұндай табысына Өскемендегі анасы да дән риза. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Галышеваның бұл жетістігі шын мәнінде үлкен ерлікке пара-пар деуге болады. Өйткені, бір ай бұрын ғана Америкада өткен жарыста ол қолын жарақаттап алған болатын. Осы жарыста да жарақаты қатты мазалаған екен. Бірақ, осындай жағдайымен жүріп біздің қыз қоланы жеңіп алды.

Юлия Галышева, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

-Керемет сезімде тұрмын. Олимпиада ойындарының жеңіс тұғырына бірінші рет көтерілдім. Бұл Қазақстан қоржынына салынған бірінші жүлде. Соңғы емес деп ойлаймын. Барлығына сәттілік тілеймін.

Юлияның бұл табысына анасы жүрегі жарылардай қуаныпты. Бірақ, жеңістің оңай келмегенін айтады. Әсіресе, Сочи Олимпиадасында жолы болмай қалғанда қатты күйзеліске түскен екен. Бірақ, анасы қолдап-қолпаштап, осы жетістікке ауыр жолмен жеттік дейді.

Светлана Галышева, Ю. Галышеваның анасы:

-Қола жүлдені жеңіп алғанда керемет бақытқа кенелдім. Оның телефоны жанында емес екенін біле тұрсам да құттықтау жаздым. Сочидегі сәтсіздігінен кейін қиын жағдайға түскен еді. Біз оны қолпаштап, демеп, қайта  жігерлендірдік. Соның арқасында осындай табысқа жетті.

25 жастағы Юлия Галышева алғашқы жүлдемізді шаңғы спортының могул түрі бойынша ұтып алды. Ал бүгін отандастарымыз спорттың 4 түрі бойынша жарысқа шығып жатыр. Олардың арасында Дмитрий Рейхард да могулдың финалдық бәсекесінде өнер көрсетеді. Одан бөлек, тау шаңғысы мен биатлон және конькимен сырғанаудан да біздің  сайыпқырандар додаға қатысады.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды