ОАР-да Крюгер ұлттық паркінің туристері бір топ сусиыр мен қолтырауынның арпалысын видеоға түсіріп алыпты. Видео Kruger Sightings ютуб каналына жүктелген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua-ға сілтеме жасап.
Қолтырауын бір топ сусиырдың ортасына кездесйсоқ жүзіп барғаны айтылады. Видеода көріп отырғанымыздай, 30 шақты сусиырдың ортасына кіріп кеткен қолтырауын, аман қалу үшін қашып кетуге тырысады.
Өмір үшін жанталасқан қолтырауын сусиырлардың азулы тістерінен құтылып шығып, лай суға сүңгіп кеткенін көреміз.
Естеріңізге сала кетейік, Кенияның оңтүстік-батысында орналасқан Масаи-Мара қорығына келушілер сусиыр мен қаншырдың арасындағы арпалысты видеоға түсіріп алған еді.