jasqazaq.kz

Қоқыстан құны 5 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдар табылды

13 маусым 2018, 13:20

Талдықорғанда полиция қызметкерлері қаладағы сауда үйінің біріндегі зергерлік бөлімді тонаған жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Криминалдық полиция қызметкерлері құны 5 миллион теңге болатын (15,000 доллар) құнды әшекейлерді ұрлауға қатысы бар күдіктіні бір тәулікке жетпей ұстады. Полицейлер бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіні ерекше жүрісінің арқасында танып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

“Ұрлық күндізгі уақытта жасалды. Құнды әшекейлер сататын дүкенге келген ер адам зергерлік бұйымдарды қарап қана қоймай, оны ешкімге байқатпай ұрлап кеткен. Кейін күзет камераларының жазбаларын тексерген қаланың қылмыстық тергеу бөліміне жауапты офицер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол бұрын сотталған азаматты арнайы белгілері арқылы танып қойған. Белгілі болғандай, күдікті ұрланған құнды бұйымдарды жазғы саяжайындағы жер теліміне қоқыстардың арасына көміп қойған. Қазір зергерлік бұйымдардың бір бөлігі тәркіленіп, материалдық дәлел ретінде іс құжаттарына қосылды”, – деді облыстық полиция.

caravan.kz

 

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды