jasqazaq.kz

Қоғамдық келісім кеңесінде этносаралық татулықты нығайту жайы қаралды

05 қазан 2022, 16:26

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары мен қызметкерлері, Абай ауданы әкімінің орынбасары мен жауапты қызметкерлер, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосуға қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне тоқталып, азаматтық қоғам өкілдерін халық пен билік арасындағы ықпалдастықты нәтижелі арттыруға шақырды.

Белгілі қоғам қайраткері, кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиевтің жетекшілігімен өткен жиында тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі қаралып, Абай ауданы әкімдігінің этносаралық саясатты ілгерілетудегі жұмыс барысы сараланды. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Жұлдызай Сәрсенбаева кредиттік, арендалық баспанамен қамту және қаладағы тұрғын үй қорын жаңғырту жөнінде атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

-Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 49 840 азамат тіркелген. 2022 жылға 1605 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Жұмыс істеп жүрген 29 жасқа дейінгі жастарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй бойынша 211 пәтерге конкурс және тұрғын үй комиссиясы өткізіліп, қазан айында жалдау келісім шарттарын беру жұмыстары жүргізіледі, — деді ол.

Өз кезегінде сөз алған Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Көшікбаев 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қоғамдық келісім кеңесінің» маңыздылығына тоқталды.

-Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық даулардың алдын алу мақсатында ақпараттық насихаттық топ құрылған. Оның құрамында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және басқа да қызметкерлер енгізілген. Биыл медиация туралы заңын тұрғындар арасында насихаттау бойынша Қатынкөпір, Қызылжар, Қазығұрт шағынаудандарында үш кездесу өткізіліп, 200 ден астам тұрғын қамтылды, — деді.
Ғ.Көшікбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы 3000-ға жуық осал топқа жататын отбасыларға демеушілер есебінен көмек көрсетілген. Оның ішінде этнос өкілдерінің қатысуымен қайырымдылық акциялар ұйымдастыруды қолға алды. Аудан бойынша кәсіби емес 8 медиатор тіркелген болса, олардың сотқа дейінгі 36 дауы шешімін тауыпты. 6 этносаралық дауға жол берілмей, ауқымды жұмыстар жүргізілген.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті