jasqazaq.kz

ҚМДБ лицензиясы жоқ туркомпаниялармен үмре сапарына бармауға шақырады

22 қантар, 13:46

Алматыда қажылыққа қатысты алаяқтық әшкереленген болатын. Алматы облысының тұрғыны өзін туристік фирманың басшысы ретінде таныстырып, үмре қажылыққа жөнелту бойынша қызмет көрсететін жалған келісімшарттар жасаған. Polisia.kz мәліметінше, күдіктіге кемінде төрт адам көмектескен. Полицияға 33 адам ресми арызбен жүгінді.
Бүгін ҚМДБ осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Muftyat.kz жариялаған мәлімдемеде былай делінген:
«Jazera travel» компаниясының басшысы Ырыскелді Мейіржан Бауырұлы еліміздің бірнеше аймағынан жүзден аса азаматты ұмраға алып барамын деп ақша жинап, уәдесін орындай алмаған. Мейіржан Бауырұлы ешқандай діни қызмет атқармаған және мешітте наиб имам болып жұмыс істемейді.
Алматы облысының Іле ауданындағы «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің наиб имамы Тамашбеков Марсельге «Jazеra travel» компаниясының басшысы Мейіржан Бауырұлы ұмра сапарына ниет еткен жандарға дәріс өтіп беру жөнінде өтініш жасаған. Наиб имам діни құлшылықты түсіндіру мақсатында өтініштерін қабыл алып, екі рет сабақ өткізген. Дәріс соңы сұрақ-жауап негізінде жалғасып, наиб имам «Jazеra travel» компаниясының қызметі жайлы білген ақпараттарымен де бөліскен.
«Jazеra travel» компаниясына қатысты даулы мәселе құқық қорғау органдары тарапынан тексерілуде. Наиб имамның аталмыш мәселеге қатысы бар-жоғы анықталу үстінде. Осы ретте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тексерілмеген мәліметтерді таратпауын сұраймыз».
ҚМДБ Қажылық бөлімі соңғы кезде қоғамда үмре сапарын ұйымдастырушы кейбір турфирмалардың күмәнді іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар көбейгенін ескертеді: «Осы орайда ұмраға баратын азаматтарға қызмет көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аталмыш турфирмалар жауапкершілігінде екенін еске саламыз. Қазақстанның сыртқы туризмді реттейтін тиісті заңнамасына сай ұмра сапарын топпен ұйымдастыру үшін міндетті түрде мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс және әр ұмра жасаушыға туроператор тарапынан туркод берілуі қажет. Мұндай талаптар орындалмаған жағдайда ұмра топпен ұйымдастыру Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы.
Осы ретте ұмраға апарушы турфирмалардың қызметін қадағалауға Діни басқарманың заңды құзіреті жоқ екендігін жеткіземіз.
Сонымен қатар отандастарымызды ресми туроператорлық лицензиясы жоқ туркомпаниялармен ұмра сапарына бармауға шақырамыз».

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды