ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәлімдемеге жауап берді, — деп хабарлайды «Караван». Осыған дейін ҚР Парламентінің депутаттары осы мәселені көтерген еді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де бұл мәліметтің тексеріліп жатқанын мәлімдеген болатын. Чжан Ханьхуэйдің айтуынша, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының тұрғындарына қатысты қатаң шаралар тек қазақ диаспорасына емес, сондай-ақ, басқа да ұлттың өкілдеріне қатысты қолданылып келген. Сонымен қатар, Чжан Ханьхуэй мемлекеттің осы өңірге қаржылай көмек көрсетіп жатқанын айтып өтті. «ҚХР ешқашан да кемсітушілік саясатын жүргізбеген және жүргізбейді», — деді Чжан Ханьхуэй. «Біз КХР-дағы қазақтардың, нақтырақ айтсақ, Ұйғыр автономиялық округіндегі Синцзянда шекара асып, сапарға шығарда ресми құжат алуда қиындықтарға тап болып жатқанын анықтадық, КХР-да мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің төлқұжат алуында белгілі бір қиындықтарға тап болып жатқанын білдік. Бұл мәселелерді біз мұқият тексеріп жатырмыз, сараптаудамыз, сондай-ақ, мәселені қытайлық әріптестерімізбен талқылап жатырмыз. Біздің СІМ-ге ресми тәртіппен түскен өтінішті назарсыз қалдырмаймыз», — деген еді осыған дейін ҚР СІМ министрі.