«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» деген қағидамен өмір сүрген халықпыз. Ата-бабамыздың аңсаған арманына қол жеткізіп, бүгінгі күні бірлігі мен келісімі жарасып, ырысы мен ынтымағы ұйыған тәуелсіз мемлекетке айналдық. Ұлттық бірлік Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр этносқа, діни және әлеуметтік немесе басқа ерекшелігіне қарамастан, оларға тең мүмкіндік беріп, қоғамның барлық өкілін ортақ мақсатқа жұмылдыруға негізделеді. Елбасы Н.Назарбаев «Біздің елімізде барлық этнос қазақстандық қоғамның маңызды және үйлесімді бөлігі болып табылады. Оның өкілдері өзінің рухани қажеттілігін қанағаттандырып, өзіндік ерекшелігін сақтап, қазақстандық мемлекет құруға өз үлесін қоса алады» — деп атап өткен болатын. Елімізде этностық топтардың тілі мен дәстүрін, әдет-ғұрыпын дамытуға толықтай мүмкіндік жасалған.
Осы ретте этномәдени бірлестік өкілдеріне « Еліміздегі этномәдени бірлестіктердің маңызы қандай? Осы күнге дейін қаламыздағы татулық пен ынтымақты сақтауға қандай шара атқарылуда? Әрбір этнос өкілі ел бірлігін нығайтуға қандай үлес қосуда?» — деген сауал жолдаған болатынбыз.
Абдуллам Ушуров, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Біздің Ұйғыр этномәдени орталығы 1989 жылдан бастап құрылды. Мен бұл орталықты 2006 жылдан бері басқарып келемін. Осы күнге дейін ұйғыр мәдениетімен бірге қазақ елінің мәдениетін сақтай отырып, этномәдени орталық өз жоспарын іске асырып келеді. Біздің төл газет-журналымыз, театрымыз, тіпті екі тілде тең ақпарат тарататын арнамыз да жұмыс істейді.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандағы байлық мұнай, газ, алтын емес, біздің байлығымыз — халықтың бірлігі» — деген болатын. Сондықтан қазір халқымыздың ең асыл қазынасы бірлігі мен татулығында дер едім. Елбасымыздың сындарлы саясатына бүкіл әлем көз тігуде. Еліміздегі 130 ұлттың басын бір арнаға тоғыстырып Қазақстан Халқы ассамблеясын құруының өзі Елбасының көрегендігі. Еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті сақтау әрбір этнос өкілінің міндеті.
Қазақстандық ұйғырлардың мемлекетіміздегі ұлтаралық татулық және достықты одан әрі нығай¬туда қосып жүрген үлесі зор. Біз заманның демо-кра¬тиялық өзгеруіне ілесіп, әртүрлі қоғам¬дық негіздегі ұйымдарды өмірге әкелдік. Мәдениет орталықтары жан-жақты жұмыс атқаруда. Еліміздегі барлық аудандық, қалалық және облыстық мәдениет орталықтарының басы біріктіріліп, республикалық ұйғыр этномәдени орталығы құрылды. Елімізде қалыптасқан саяси тұрақтылық, экономикалық даму, ұлттардың өзара татулығы бүгін әлемде «Қазақстан үлгісі» ретінде ауызға алынып, үлгі ретінде зерттелуде. Қазақстан ұйғырлары да жан-жақты ізденудің нәтижесінде мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда елімізде ұйғыр тілінде білім беретін 63 мектеп бар. 13 ұйғыр мектебі және 31 аралас орта мектептерде ұйғыр сыныбы бар. Мектептерде 16 мың бала өз ана тілінде білім алуда. Қысқасы рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде барлық жағдай жасалған. Біздің бірлестік ассамблея, «Қоғамдық келісім», Алматы қаласының әкімдігі тарапынан ұйымдастырылатын шараға белсене қатысады. Елімізде әрбір ұлтқа өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрін сақтауға барынша жағдай жасалған. 1 маусым Балаларды қорғау мерекесіне орай «Қоғамдық келісім» ұйымымен біздің мәдени орталық бірлесіп №1 «Балалар үйіне» барып, әсіресе ондағы мүгедек балаларға сый-сыяпат беріп қайттық. Алдағы уақытта да осындай игі істерді ұйымдастыратын боламыз. Этномәдени орталық еліміздегі барлық ұлттың бірлікте, татулықта өмір сүруіне өз үлесін қашанда қосатын болады. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз– тұрақтылық, ұранымыз – бірлік.
Спиридон Космириди, Грек этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Елбасымыздың саясаты – бірлік, бейбітшілік пен татулық. Мақсатымыз бен болашаққа жоспарымыз айқын. Қоғамда татулық пен бірлікті сақтау ең басты міндетіміз. Грек ұлтының алғашқы этномәдени орталығы 1989 жылы «Эос» атауымен құрылған болатын. Орталықтың негізгі мақсаты грек тілін үйренем деушілерге тіл курсын ұйымдастыру. Сондай-ақ басқа да этномәдени орталықтармен бірлесіп айтулы шараларға қатысу. Біздің мәдени орталық тарихи отанымыз бен те өте тығыз байланыста. Грек мәдениетін, салт- дәстүрін қазақ елінің мәдениетімен ұштастырып дамытып келеміз. Біздің елімізде 130-дан аса этнос өкілі тұрып жатыр. Ассамблея осы этностардың этно-мәдени бірлестіктерінің құрылып, Қазақстан халқы бірлігінің сақталуына олардың қызметі мен мақсатын жұмылдырып отыр. Қазір елімізде этномәдени бірлестіктің саны 820-ға жетті. Ассамблея мүшесінің саны 400 адамдай бол¬ғаны¬мен оның белсенді жақтаушысы 70 мың адамға жуық. Бүгінде Қазақстан Халқы ассамблеясының 200-ге жуық адамнан тұратын ғылыми-сарапшылық кеңесі де бар. Онда елімізге танымал ғалымдар мен сарапшылар өзінің ойын ортаға салып, ұсынысын беріп отырады. Ассамблеяны беделді халықаралық ұйымдар да мойындаған. Олардың қатарында БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты танымал бірлестіктер бар. Ал біздің этномәдени орталық еліміздің саяси тұрақтылығын сақтауға белсенді атсалысу¬да. «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт. Қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Орталықтың негізгі мақсаты – қазақ халқының төңірегіне топтасуды түпкі өзегі ете отырып, қазақ¬стан¬дық патриотизм мен біртек¬тілік¬ті берік орнықтыруға және этнос¬¬аралық келісімді қамтамасыз ету¬ге қызмет ету. Осы мақсатқа жету жо¬лын¬да оның жүздеген шара¬сы іске асып, қазақстандық тұтас¬тық бүгінгі күні күнделікті өмір¬лік нор¬маға айналып келеді. Сахналардан түрлі этнос өкілінің қазақ әнін шырқап, күйін тартқанын естіп, қазақтың салт-дәстүрін көрсеткен қойылымын тамашалағанда қазақстандық тұтастықтың ұйытқысы болып отырған осы ассамблеяға әбден риза боласыз. Сонымен бірге, этно-мә¬д嬬ни бірлестіктер өзінің бел¬сен¬¬ді¬лігін де жылдан-жылға арт¬тырып, қазақстандық патриотизм мен біртұтастықты сақтауға үлес қосып келеді.
Александр Барон, «Мицва» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Еліміздегі еврей ұлттық мәдени орталығы 1992 жылы құрылды. Орталықтың негізгі мақсатының бірі-еврей ұлтының мәдениетін дамыту, жаңғырту. Ал мәдени бірлестіктің бағыты- этникалық, діни тұрақтылықты нығайта отырып, көпұлтты халықтың бірлігін сақтау. Еврей мәдениеті орталығы қазақстандық патриотизмнің қоғамдағы ұстанымын қалыптастыру мен дамыту жұмысына ерекше көңіл бөлуде.
Этносаясаттың заманауи тәсілін, этносаралық қарым-қатынастағы медиация саласын меңгеруде орталық мүшелері үнемі өз біліктілігін арттырып отырады.
Еврей этномәдени бірлестігі республика мен облыс, қаламыздағы қоғамдық өмірінің атаулы оқиғаларына арналған іс-шарада жауапкершілікпен, жасампаздықпен ұйымдастырады. Еліміздегі әрбір этномәдени бірлестіктердің емін-еркін жұмыс істеп, ойлаған игі бастамасын жүзеге асыруына мемлекет тарапынан қолдау зор.
Мақпал Ноғайбаева,
Алматы қаласы