jasqazaq.kz

Қазақстанның жаңа Конституциясында меншік нысандарын барынша нақтылай түсу ұсынылды

09 ақпан, 18:54

 

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР жаңа Конституциясында меншік нысанын барынша нақтылап бекітуді ұсынды. Ол өз ұсынысын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында айтты.
Азат Перуашев меншік институтының мәртебесі инвестициялық тартымдылық пен экономиканың оң бизнес-ахуалы үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Оның айтуынша, қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі қарастырылған: мемлекеттік және жеке меншік. Сонымен бірге қазіргі экономистер кем дегенде меншікті 5-6 түріге бөледі.
«Финляндия, Литва, Латвия, Әзірбайжан және басқа елдердің конституцияларында мемлекеттік және жеке меншікпен қатар муниципалдық нысан көрсетілген. Қытай, Бразилия, Үндістан конституцияларында бұған ұжымдық немесе кооперативтік меншік қосылған. Кейбір елдерде жария меншік, яғни жария қор нарығында орын алатын компаниялардың меншігі ерекше көзге түседі. Бірқатар басқа елде экономикалық алуандылықты ынталандыру мақсатында Конституциядағы меншік нысандарының тізбесі мүлде шектелмеген», – деді ол.
Азат Перуашевтің пікірінше, нарықтық қатынастардың бүгінгі дамуы қосымша муниципалдық меншікті, ПМИК пен кондоминиумдардың, АШӨК мен кәсіпкерлердің мүлкін анықтау қажеттілігін туғызады.
Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы кооперативтерді ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ең тиімді қызмет түрлерінің бірі ретінде белгілеген Президенттің қаңтардағы «Түркістан» газетіне берген сұхбатын еске салды.
«Бірақ кооператив бүгінде Азаматтық кодексте түсіндірілгендей жеке меншіктің қарапайым жиынтығы ма? Пайшылардың латифундистермен, кредиттік серіктестіктердің қарыз алушылармен көпжылдық даулары және басқа да мысалдар бұл мәселе қолданыстағы заңнамада толық пысықталмағанын көрсетеді», — деп атап өтті депутат.
Оның айтуынша, тура осылайша бірлескен меншіктің басқа түрлері туралы да айтуға болады, өйткені бүгінде бизнесте жеке кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар мемлекет қатысатын жеке құрылтайшылардың кәсіпорындары, АШӨК атынан шығатын муниципалды органдармен байланысқан бизнес және т.б. дамуда.
Азат Перуашев индустрия мен креативті экономиканың әртүрлі жаңа нысандарының қарқынды өсуін ескере отырып, уақыт өте келе цифрлық меншіктің жаңа нысандарын анықтау қажеттілігі туындауы мүмкін екенін айтты.
«Осыған байланысты меншік мәселесін шешудегі негізгі қағидат деп нарықтық қатынастар, яғни бәсекелестік, монополияларға қарсы іс-қимыл өлшемшарттары, нақтылап айтқанда – әртүрлі тәсілдерді таңдау мүмкіндігі екенін атап өту қажет деп санаймын», – деді депутат.
Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі жаңа Конституцияда меншік нысанын барынша нақтылау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Атап айтқанда, 8-баптың 1-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынды: «Қазақстан Республикасында меншіктің барлық нысандары танылады, кепілдендіріледі және тең дәрежеде қорғалады».
«Бұл тек мемлекеттік және жеке меншікті ғана емес, экономиканы әртараптандыру және ұлттың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету мақсатында бизнестің, қоғамның және мемлекеттің ресурстары мен мүмкіндіктерін экономикалық айналымға кеңінен тарту мүмкіндігін ашатын және қорғауды білдіретін барлық басқа да ықтимал нысандарды қолдауды білдіреді», – деп атап өтті Азат Перуашев.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?